Түркия - әлем чемпионы

Түрік балуандар тарихта бірінші рет әлем чемпиондығына қол жеткізді.

2057633
Түркия - әлем чемпионы

Грек-рим стиліндегі күрестен 23 жастан кіші жастар арасындағы ұлттық құрама тарихи табысқа жетті.

Түрік балуандар тарихта бірінші рет әлем чемпиондығына қол жеткізді.

Күрестен 23 жастан кіші жастар арасындағы әлем чемпионаты Албанияда өтті.  Тиранадағы чемпионат грек-рим стиліндегі күрес жарыстарымен аяқталды. Соңғы күні медаль үшін түріктің екі балуаны белдесті.

130 келіде Мұхаммед Хамза Бакыр украиналық қарсыласын 5-3 есебімен жеңіп, алтын медаль алды.

55 келіде Адем Бурак Узун болса армян спортшыны жеңіп,  үшінші орын алды.

Ұлттық құрама грек-рим күресінде жарысты 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль, барлығы алты медальмен аяқтады.  Осылайша құрама команда тарихта бірінші рет әлем чемпионы атанды.



Ұқсас жаңалықтар