«Google» 29 қазан Республика күніне орай арнайы логотип дайындады

Логотипке түртіп 29 қазан Республика күні туралы ақпарат пен жаңалықтарға қол жеткізе аласыз.

2057310
«Google» 29 қазан Республика күніне орай арнайы логотип дайындады

Интернет қолданушылары «Google» басты бетінде дудл деп аталған осы ерекше логотипті түртіп, 29 қазан Республика күні туралы ақпарат пен жаңалықтардан тұратын парақшаға бағытталады.

Пайдаланушылар бағытталған бетте «Бүгінгі дудлда Республика күні мерекесі мен Түркия Республикасының 100 жылдығын тойлап жатырмыз» деп жазады.

Дудл фотосуретінде бас қала Анкарадағы 1-ші Мәжіліс ғимараты және түрік туы бейнеленген.

Дудл қолданбасында әлем елдері үшін маңызды күндер мен мерекелерге, мәдени оқиғаларға және тарихтағы маңызды тұлғаларға қатысты логотиппен назар аударады.

Арнайы жасалған логотипті түрту арқылы интернет пайдаланушылары сол күн, адам немесе тақырып туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады.



Ұқсас жаңалықтар