Мұхаммед Гимри - әлем чемпионы

Мұхаммед Гимри алтын, Адил Мысыржы күміс медальді жеңіп алды.

2055705
Мұхаммед Гимри - әлем чемпионы

Мұхаммед Гимри  әлем чемпионы атанды. 

23 жасқа дейінгі балуандар арасында күрестен әлем чемпионатында өнер көрсететін түрік спортшылардың бірі Мұхаммед Гимри алтын, Адил Мысыржы күміс медальді жеңіп алды.

Албанияның астанасы Тиранада өтіп жатқан чемпионаттың екінші күнінде 61, 74, 86, 92 және 125 келі салмақта еркін стильде жарыс өтті.

Мұхаммед Гимри 92 келі салмақта финалда Еуропа жастар чемпионатының финалисті молдовалық Ион Демианды 4-3 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Осылайша Мұхаммед Түркияға 2017 жылдан бері 23 жасқа дейінгілер арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін стильдегі алғашқы алтын медалін сыйлады.

125 келіде кілемге шыққан Адил Мысыржы финалда америкалық Уайат Эвери Хендриксонға техникалық басымдықпен (13-3) есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.



Ұқсас жаңалықтар