TRT деректі фильмі Эммиде финалға шықты

Украинада түсірілген «Украина соғысы күнделіктері» бөлімі халықаралық жетістікке жетті.

2041471
TRT деректі фильмі Эммиде финалға шықты

TRT World арнасы дайындаған жүлделі «Оff the Grid» деректі фильмінің Украинада түсірілген «Украина соғысы күнделіктері» бөлімі халықаралық жетістікке жетті.

Түркия радио және телевидение мекемесінің (TRT) мәлімдемесіне қарағанда, Ресей мен Украина арасындағы соғыстан кейінгі бейбіт тұрғындардың тәжірибесін баяндайтын деректі фильм Халықаралық Телевизиялық өнер және ғылым академиясы тарапынан берілген 44-ші Халықаралық Эмми сыйлығының «Жаңалықтар және өзекті мәселелер» санатында финалға өтті.

Финалда Түркияның атынан шыққан TRT World телеарнасының қарсыластары Англия, Бразилия және Израиль болды.

Украинада түсірілген, Моухсина Эннаими мен Александр Паулиат дайындаған және Хакан Хожаоглу түсірген деректі фильм соғыстың жойқын жүзін көрерменге ұсынады.  Украинадағы бейбіт тұрғындардың өміріндегі өзгерісті көрсетеді.

Мәлімдемеде пікірлері қамтылған TRT бас директоры Мехмет Захид Собажы «ТРТ ретінде біздің мақсатымыз – шет тілдеріндегі хабарларымызбен халықаралық аренада күшті әсер қалыптастыру. Біз алыс географиядағы әрі дәл қасымызда болып жатқан жаңалықтарды қадағалап, әлем елемейтін көптеген мәселені күн тәртібіне шығарамыз. Осы себепті TRT World арнасының Украинадағы соғысты, әсіресе бейбіт тұрғындарға арналған хабарын "Off the Grid фильмінің Халықаралық Эмми сыйлығына ұсынылуы біз үшін таң қаларлық оқиға емес. Бұл біздің халықаралық жетістіктеріміздің көрсеткіші. Өз үлесін қосқан барлық әріптесімді шын жүректен құттықтаймын» деді.

ТРТ бас директорының халықаралық хабарларға жауапты орынбасары Өмер Фарук Танрыверди «Эммиге ұсынылуымыз - халықаралық хабар таратуда жеткен табысымыздың дәлелі. Еңбегі сіңген достарымызды құттықтаймын» деді.

TRT World арнасының координаторы Бора Байрактар “Бұл номинация журналистика мен телевидениеде жеткен жетістігіміздің ең маңызды хабар таратушылар тарапынан мойындалуы болып табылады. Сонымен қатар Украинадағы жағдайды теңгерімді түрде толық таныстырғанымыздың ең үлкен дәлелі” деді.

44-ші Халықаралық Эмми сыйлығының «Жаңалықтар және өзекті мәселелер» санатындағы марапаттары 27 қыркүйекте Нью-Йоркте иелеріне табыс етіледі.



Ұқсас жаңалықтар