Ел астанасы Анкарада «Кофе фестивалі» басталды

50 мыңға жуық қатысушы күтілетін фестиваль 24 қыркүйек күні кешке дейін жалғасады.

2041086
Ел астанасы Анкарада «Кофе фестивалі» басталды

Стамбул, Анкара және Измир қалаларында өткен фестиваль елордада осымен 7-ші рет өтуде.

Фестивальде жыл сайын қатысушыларының саны артып, кофеге қатысты барлық қосалқы өнімдер бір жерге жиналуда.

Іс-шараларда кофе қайнату түрлерін үйренуге болатын шеберханалардан бастап, кофе қуыру және үйде қайнату тәсіліне дейін барлық талғамға сай келетін нұсқалар туралы ақпарат беріледі.

Бүгін ашылған фестиваль көптеген коммерциялық брендтердің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Шараны алдағы уақытта Түркияның көршілес елдерінде де өткізу жоспарлануда.

50 мыңға жуық қатысушы күтілетін фестиваль 24 қыркүйек күні кешке дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар