Қазба жұмыстарында жаңа жәдігелер табылды

Құрамы15 адамнан тұратын топ маңызды сауда орталығы ретінде белгілі тарихи аймақта жұмысын жалғастыруда.

2024350
Қазба жұмыстарында жаңа жәдігелер табылды

Мерсиндегі эллиндік дәуірдің маңызды қоныстарының бірі ежелгі Олба қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде біздің эрамыздың 2-ғасырына жататын әйел мүсіні мен мифологиялық көріністері бар 2 фриз сынығы табылды.

Өрен ауданындағы көне қалада шілде айында басталған маусымдық қазба жұмыстарын Ардахан университетінің археология факультетінің доценті доктор Явуз Йегин басқаратын топ жүргізіп жатыр. Құрамында өнертанушылар, сарапшы археологтар және студенттер бар 15 адамнан тұратын топ маңызды сауда орталығы ретінде белгілі тарихи аймақта жұмысын жалғастыруда.

Биылғы жылы көне қаланың әр жерінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде біздің заманымыздың 2-ғасырына жататын әйел мүсіні және 2 фриз табылды.

Қорғауға алынған жәдігерлер зерттелу үшін Силифке мұражай дирекциясына жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар