Кейбір елдерге топтық саяхат ұйымдастыруға рұқсат берілді

Енді Қытайдан Түркияға саяхат етуге болады.

2022952
Кейбір елдерге топтық саяхат ұйымдастыруға рұқсат берілді

Қытай коронавирус (Ковид-19) шектеуінің тағы біреуін алып тастады.

Қытай туристік агенттіктеріне көптеген елдерге, соның ішінде Түркияға топтық турлар ұйымдастыруға рұқсат берілді.

Топтық турларды ұйымдастыруға болатын елдердің үшінші тізімі Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігінің сайтында жарияланды. Бұл тізімге Түркиядан бөлек Америка Құрама Штаттары, Германия және Оңтүстік Корея сияқты елдер де енді.

Қытайдың туристік агенттіктері рұқсат етілген елдерге топтық саяхаттарды ғана ұйымдастыра алады.

Пекин қаңтар айынан бастап коронавирус шектеулерін жеңілдете бастады. Алғашқы 20 елдің тізімінен кейін наурыз айында 40 елдің тізімі жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар