Түрік дзюдошылар 3 медаль алды

Түрік дзюдошы Эмир Селим Ары алтын медаль алды.

2017970
Түрік дзюдошылар 3 медаль алды

Словенияда түрік дзюдошылар бірі алтын, 3 медаль алды.

2023 жылғы Еуропа Жастар Олимпиадасының Жазғы Фестивалінде (EYOF) түрік дзюдошы Эмир Селим Ары алтын, Синем Оруч күміс және Юсуф Язган қола медаль алды.

Словенияның Марибор қаласында өткен жарыстың үшінші күнінде 81 келіде татамиге шыққан түрік спортшылардың бірі Эмир Селим Ары финалда грузиялық Гиорги Бенделианоны жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Қыздар  арасында 63 келіде сынға түскен Синем Оруч финалда хорват Яна Цвжеткоға есе жіберіп, күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Ерлер арасында 73 келі салмақта сынға түскен Юсуф Язган үшінші орын үшін өткен жарыста грузиялық Ираклий Кавтарашвилиді жеңіп, қола жүлдегер атанды.



Ұқсас жаңалықтар