Айя-София мешітіне 3 жылда 21 миллион кісі келді

Стамбул Айя-София Кебир мешіті ғибадатқа ашылған 3 жылда шамамен 21 миллион қонақты қабылдады.

2014965
Айя-София мешітіне 3 жылда 21 миллион кісі келді

Жергілікті және шетелдік туристердің назарын өзіне баураған Стамбул Айя-София Кебир мешіті ғибадатқа ашылған 3 жылда шамамен 21 миллион қонақты қабылдады.

Айя-София Кебир мешітінің имамы Бүнямин Топчуоғлу 2021 жылы Айя-София мешітін 1 миллион 300 мың адам зиярат еткенін айтты.

Бүнямин Топчуоғлу:

"2022 жылдан бастап біз негізгі келушілерімізді көре бастадық. 2022 жылғы жалпы келушілер саны 13 миллион 600 мыңды құрады. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша  6 миллион адам сапарлай келді. Бұл сан артып келеді" деді.

Айя-София мешітінің тек Еуропа мен батыс елдерінен ғана емес, араб елдерінен, Орталық Азия мен Қиыр Шығыс елдерінің де назарын аударғанын айтқан Топчуоғлу жақында Индонезиядан да көптеген қонақты қабылдағандарын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар