ТӘЖ «Ең тұрақты туға ие әуе жолы» жүлдесін алды

Түрік Әуе Жолдары "World Finance" журналы берген «Ең тұрақты туға ие әуе жолы» марапатына ие болды және биыл да осы жүлдеге қайталай лайықты деп табылды.

2006822
ТӘЖ «Ең тұрақты туға ие әуе жолы» жүлдесін алды

Түрік Әуе Жолдары халықаралық қаржы әлемінің беделді мекемелерінің бірі "World Finance" журналының «Ең тұрақты туға иеәуе жолы» жүлдесіне тағы да лайық деп танылды.

Түрік Әуе Жолдары баспасөз қызметінің мәлімдемесіне қарағанда климаттық дағдарыс авиациялық индустрияда үлкен қиындықтар туғызып отырған кезде компания көміртегі теңдестіру платформасы "CO2миссиясы" арқылы Тұрақты авиациялық отынды пайдалану, тұрақты ұшу өнімдерімен қалдықтарды басқару әдісі және жолаушыларға ұсынатын тұрақты саяхат тәжірибесімен басты орынға шығып келеді.

Осы ерекшеліктерімен Түрік Әуе Жолдары әлемдік қаржы және іскер топтар тарапынан маңызды сілтеме ретінде қарастырылған "World Finance" журналы берген «Ең тұрақты туға ие әуе жолы» марапатына ие болды және биыл да осы жүлдеге қайталай лайықты деп табылды.

Түрік Әуе Жолдары 2008 жылдан бері көміртегі ластығын азайту үшін 100-ден астам операциялық үйлестіру жобасын жүзеге асырса, 2022 жылы 57 мың 581 тонна отынды үнемдеу арқылы 181 мың 379 тонна парниктік газ шығарындыларының алдын алды.



Ұқсас жаңалықтар