Шіркеулерді сақтап қалу үшін көмек сұрады

Макрон елдегі мәдени жәдігерлерді қорғау үшін ауқымды көмек науқанын бастауға тапсырма берді.

1996052
Шіркеулерді сақтап қалу үшін көмек сұрады

Францияда үкімет бюджеті төмен шіркеулерді сақтап қалу және қалпына келтіру үшін қайырымдылық науқанын бастады.

Елисей сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Эммануэль Макрон кеше Нормандия жағалауында ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген Мон Сен-Мишель шіркеуінің 1000 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысты.

Макрон елдегі мәдени жәдігерлерді қорғау үшін ауқымды көмек науқанын бастауға тапсырма берді.

Елдегі 50 мыңға жуық ғибадатхананың тек 10 500-і  ғана Франция Мәдениет министрлігінің қолдауында. Елисей сарайы әсіресе халқы аз аймақтардағы шіркеулердің аман қалуы үшін ауқымды көмек науқанын жүзеге асырады.

Қайырымдылық науқанында жиналған ақша Парижде 2019 жылы сәуірде өртеніп, реставрациясы жалғасып жатқан тарихи Нотр-Дам соборы үшін де жұмсалады.



Ұқсас жаңалықтар