TRT туындысы «Pota» фильмі жүлде алды

«Kristal Fok» халықаралық кинофестивалінде TRT бірлескен туындысы «Pota» фильмі жүлде жеңіп алды.

1988406
TRT туындысы «Pota» фильмі жүлде алды

Ресей Федерациясына қарасты Бурят Республикасында өткен «Kristal Fok» халықаралық кинофестивалінде Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (TRT) бірлескен туындысы «Pota» фильмі жүлде жеңіп алды.

12-17 мамыр аралығында Бурят Республикасының астанасы Улан-Удэ қаласында «Kristal Fok»  халықаралық кинофестивалі өтті.

Түрлі елдердің балалар фильмдері көрсетілген фестивальде Мәскеу Юнус Эмре институтының қолдауымен Ахмет Токлу сценарийін жазып, режиссерлік еткен «Pota»  фильмі де орын алды.

Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен түсірілген фильм фестивальдің «байқау» бөлімінде жүлдеге лайық деп танылды.

Фестивальге қатысқан Мәскеу Юнус Эмре институтының координаторы Мехмет Улькер өз сөзінде түрік фильмдерін осындай халықаралық іс-шараларда киносүйермендермен кездесудің маңызды екенін айтты.

Түркия Республикасының 100 жылдығына тоқталған Үлкер «Ресейдің түрлі қалалары мен кинотеатрларында 100 түрік фильмін көрсету жоспарлануда» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар