Түрік командасы 11 медальмен әлем чемпионы болды

Дүниежүзілік интернет пернетақта жарысының финалінде Түркияның Ұлттық компьютерлік пернетақта командасы 11 медальмен әлем чемпионы атанды.

1981797
Түрік командасы 11 медальмен әлем чемпионы болды

Біріккен Ұлттар Ұйымы "INTERSTENO" халықаралық ақпарат өңдеу және байланыс федерациясы ұйымдастырған Дүниежүзілік интернет пернетақта жарысының финалінде Түркияның Ұлттық компьютерлік пернетақта командасы 11 медальмен әлем чемпионы атанды.

Федерация Түрік тобы төрағалығы мен Түркия өкілдігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда 27 наурыз-28 сәуір аралығында өткен онлайн жарысқа 19 елден бір мың 117 адам қатысты.

Ана тілі және көптілділік бойынша екі бәйге түрінде 4 жас категориясында өткен 8 жарыста 24 медаль берілді.

Түркия Ұлттық компьютерлік пернетақта командасы бір әлемдік рекорд жаңалады, 5 бірінші орын, 3 екінші орын және 3 үшінші орын иелеп, жалпы 11 медальмен әлем чемпионы атанды.

Жарыста Италия 4, Чехия 3, Жапония 3, Ресей 2 және Польша 1 медаль жеңіп алды.

Медаль алған түрік бәсекелестер келесі жылы Польшаның Катовице қаласында өтетін Компьютерлік пернетақтадан Әлем чемпионатына Түркия атынан қатысады.



Ұқсас жаңалықтар