«TEKNOFEST 2023» рекорд жаңартты

Әлемдегі ең үлкен Авиация, ғарыш және технология фестивалі «TEKNOFEST» аяқталды.

1981552
«TEKNOFEST 2023»  рекорд жаңартты

Әлемдегі ең үлкен Авиация, ғарыш және технология фестивалі «TEKNOFEST» 2,5 миллионнан астам келушісімен әлемнің ең ірі іс-шарасы ретінде тарихқа енді.

Түркияда отандық технологияның жетілдірілуіне маңызды үлес қосатын көптеген мекеменің серіктестігіне қоса Түркия Технология тобы қоры мен Өнеркәсіп және технология министрлігінің үйлестіруінің арқасында жүзеге асқан «TEKNOFEST İstanbul 2023» биыл 27 сәуір - 1 мамыр күндері аралығында Стамбул Ататүрік әуежайында өтті.

Іс-шараның соңғы күнінде ұйымдастырылған жабылу салтанатында «TEKNOFEST İstanbul 2023» аясындағы технологиялық жарыстардың жеңімпаздарына марапаттары табыс етілді. Келушілерге алғаш рет «TEKNOFEST»-тің жаңа әнұраны шырқалды.

Араларында Біріккен Араб Әмірліктерінен «Fursan Al Emarat Air Aerobatics» командасы мен Марокко Әуе күштері командалары да бар «TEKNOFEST İstanbul 2023» аясында акробаттық авиация шоу жасаған топтарға естелік тақтайшалар берілді.

«TEKNOFEST İstanbul 2023» директорлар кеңесі мен «T3» қоры өкілетті кеңесінің төрағасы Селчук Байрактар ​​жабылу салтанатында айтқан сөзінде тағы бір керемет «TEKNOFEST»-ті сәтті аяқтағандарын айтып, «TEKNOFEST» рекордтар жаңартып, болашаққа үміт беретін бір фестиваль екенін мәлімдеді.

Селчук Байрактар «2,5 миллионнан астам келушісімен «TEKNOFEST İstanbul 2023» әлемнің ең ірі іс-шарасы ретінде тарихқа енді» деді.


Этикеттер: #TEKNOFEST İstanbul 2023

Ұқсас жаңалықтар