Лондон кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

«Лондон кітап жәрмеңкесіне» Түркиядан 24 баспа үйі қатысты.

1976899
Лондон кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

Дүниежүзілік баспа және авторлық құқық сату саласының ең маңызды кездесу нүктелерінің бірі «Лондон кітап жәрмеңкесіне» Түркиядан 24 баспа үйі қатысты.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда биыл 52-ші рет ұйымдастырылған «Лондон кітап жәрмеңкесінде» Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қамқорлығымен «Түркия» стенді ашылды. Сонымен қатар Стамбул Сауда палатасы да 14 баспамен қатысты.

Жәрмеңкеге Түркиядан 10 баспагер болса келіссөз жүргізу мақсатымен жеке қатысты.

Ағымдағы жылдың 18-20 сәуірінде өтетін Лондон кітап жәрмеңкесіне 60-қа жуық елден 25 мың кәсіби келуші мен 1700 компания қатысады.



Ұқсас жаңалықтар