Ливиядағы азық-түлік көрмесіне 40-тан астам түрік компаниясы қатысты

Түркияның Ливиядағы елшісі Кенан Йылмаз көрмеге қатысушы түрік компаниялары туралы мәлімдеді.

1956768
Ливиядағы азық-түлік көрмесіне 40-тан астам түрік компаниясы қатысты
libya gida fuari Turk firmalar.jpg
libya gida fuari Turk firmalar1.jpg

Ливияның бас қаласы Триполиде төртінші рет ұйымдастырылған «Ливия азық-түлік көрмесіне» Түркиядан 40-тан астам фирма қатысуда.

Ливия Ұлттық бірлік үкіметінің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе өткен бейсенбі күні салтанатты түрде ашқан көрмеге 200-ге жуық ұлттық және шетелдік фирма қатысуда.

Түркияның Ливиядағы елшісі Кенан Йылмаз биыл Түркияан қатысушы фирма санының жалпы 44-ке жеткенін атап «Бұл көрмеге қатысу екі ел арасындағы сауда-саттық қатынастарды дамыту тұрғысынан маңызды. Көрмелерге қатысу алдағы жылдары артып, барлық салада болғандай сауда саласында да қарым-қатынастар ілгерілей түседі деп сенеміз» деді.

Бүгін аяқталатын жәрмеңкеге ең көп қатысушы Түркиядан келсе, Мысыр фирмаларының екінші орын алғаны байқалды.

Көрмеге Марокко, Тунис, Алжир, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Иордания сияқты араб елдеріне қоса Италия мен Испаниядан да компаниялар қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар