Мысырда байырғы мүсін табылды

Мүсін мен ғибадатхана қалдықтарының Кена уәлаятындағы Дендера ғибадатханасынан табылғаны білдірілді.

1956000
Мысырда байырғы мүсін табылды

Мысырдың оңтүстігіндегі көне ғибадатханадан сфинкске ұқсас мүсін мен ғибадатхананың қалдықтары табылды.

Археологтар демотикалық және иероглифтік жазулары бар Рим дәуіріне қарасты тас тақтаны да тапты.

Ежелгі ескерткіштер министрлігінің мәлімдемесінде мұрағаттардың Кена уәлаятындағы Дендера ғибадатханасынан табылғаны білдірілді.

Археологтар мүсіннің күлімдеген жүзі біздің дәуірімізге дейінгі 41-54 жылдар аралығында Рим билігін Солтүстік Африкаға дейін кеңейткен Рим императоры Клавдийге тиесілі болуы мүмкін екенін мөлшерлеуде.

Археологтар мүсіннің тұлғасы мен аймағы туралы көбірек мәлімет беретін тас тақтадағы белгілерге зерттеу жүргізетіндерін білдірді.

Мүсін Гизаның биіктігі 20 метрлік Пирамидалар кешеніндегі атақты Сфинкстен әлдеқайда кішірек.

Министрлік әктас ғибадатхананың екі деңгейлі платформасы мен Византия дәуіріндегі кірпіштен салынған бассейні бар екенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар