Стамбулда Еуропа чемпионаты басталды

Түркияда алғаш рет ұйымдастырылған чемпионаттың ашылу салтанаты «Атакөй Аренада» өтті.

1954213
Стамбулда Еуропа чемпионаты басталды
2023 Avrupa Salon Atletizm Şampiyonası 3.jpg
2023 Avrupa Salon Atletizm Şampiyonası 2.jpg
2023 Avrupa Salon Atletizm Şampiyonası 4.jpg

Стамбулда 2023 жылғы жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Еуропа чемпионаты басталды.

Түркияда алғаш рет ұйымдастырылған чемпионаттың ашылу салтанаты «Атакөй Аренада» өтті.

Залға алдымен чемпионатқа қатысқан 47 елдің туларын алып кірді. Артынан  Түркияның Кахраманмараштағы жер сілкінісіне байланысты ту ұстаушылар қара жейде киіп шықты. Олардың  жейделердегі әріптер «Түркия бір жүрек» деген сөзді құрастырды. Жер сілкінісінен қаза тапқандар бір минут үнсіздікпен еске алынғаннан кейін Мемлекеттік Әнұран шырқалды.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу Түркияның әлемдегі ең үлкен апаттардың бірін бастан кешіріп жатқанын айтып, спорттың сауықтыру және оңалту ерекшеліктеріне назар аударды.

Еуропа Жеңіл атлетика федерациясының президенті Добромир Карамаринов өз сөзінде «Бұл чемпионат сұмдық зілзала апатының көлеңкесінде өтеді. Біз «Үміт бар, біз тіріміз, жеңіл атлетика тірі» деген хабарды жеткізгіміз келеді. Мұнда Еуропаның 47 елінің спортшылары бар, оларға сәттілік тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар