TRT фильмдері - Оскарда

Оскар сыйлығы иелері 2023 жылдың 12 наурызында марапатталады.

1907871
TRT фильмдері - Оскарда

Түркия Телерадио корпорациясы (TRT) шығарған және TRT қолдау көрсеткен фильмдер әлем киносында өз ізін қалдыруда.

Әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі саналатын 95-ші Оскар сыйлығының «Халықаралық үздік фильм» номинациясына үміткерлер белгілі болды. Ұсынылған туындылар арасында ТРТ-нің бірлескен өндірісі және ТРТ қолдауымен түсірілген 4 фильм бар.

TRT бірге түсірген «Клондайк» фильмі Украинаның, ТРТ қолдау көрсеткен «Балладасы» фильмі Босния және Герцеговинаның, ТРТ қолдау көрсеткен «Аспанның бір бөлігі» атты фильм Швейцарияның, ТРТ қолдау көрсеткен «Құрбан» фильмі болса Словакияның «Халықаралық үздік фильм» номинациясына үміткері болды. Канн кинофестивалінде «Алтын пальма»  сыйлығына ие болған ТРТ бірлескен туындысы “Triangle of Sadness” фильмі де Оскар жарысында негізгі номинацияларда таңдаулы фильмдер қатарында.

95-ші Оскар сыйлығы иелері 2023 жылдың 12 наурызында Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін салтанатты рәсімде марапатталады.


Этикеттер: #TRT , #фильм , #сыйлық , #Оскар

Ұқсас жаңалықтар