Әйел гандболшылардың жеңісі

Түрік құрамасы плей-офф кезеңіне қатысу құқығын алды.

1902815
Әйел гандболшылардың жеңісі

Гандболдан Түркияның әйелдер командасы 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының Еуропалық іріктеу кезеңінің 1-ші раундында Ұлыбританияға қарсы екінші матчта 44-16 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне қатысу құқығын алды.

Ұлттық құрама кеше Анкара «THF» спорт залында өткен алғашқы матчта да 39-14 есебімен жеңіске жеткен еді.

Гандболдан әйелдер құрамасы плей-офф матчын 2023 жылдың 7-8 сәуірінде және 11-12 сәуірінде ойнайды.

Плей-офф кезеңінен өткен командалар әлем чемпионатына жолдама алады.

Әйелдер арасындағы гандболдан 26-шы IHF әлем чемпионатын 2023 жылы Халықаралық гандбол федерациясы Дания, Норвегия және Швециямен бірлесіп өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар