Мете Газоз - үздік садақшы

Ол Әлем чемпионатында қола медаль алды.

1893605
Мете Газоз - үздік садақшы

Олимпиада чемпионы түрік садақшы Мете Газоз Мексикада өткен 2022 Әлем чемпионатының финалын қола медальмен аяқтады.

Мексиканың Тлаксала қаласында өткен финалда Мете Газоз итальяндық қарсыласы Мауро Несполиді ширек финалда жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда испаниялық Мигель Альварино Гарсиядан жеңіліп қалған Мете Газоз үшінші орын үшін өткен бақ сынауда Ким Дже Деокты 6-4 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Оңтүстік кореялық садақшы Ким У Джин 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Испаниялық Мигель Альварино Гарсия екінші орын алды.

Сонымен қатар, түрік спортшы Мете Газоз Дүниежүзілік садақ ату федерациясының шешімімен классикалық садақтан 2021 жылдың үздік еркек садақшысы атанды. Мете бұл марапатқа 2018 жылдан кейін екінші рет лайық деп танылды.



Ұқсас жаңалықтар