Экономика Нобель сыйлығын үш ғалым бөлісті

Нобель сыйлығын алған ғалымдарға алтын медальмен қоса 900 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

1890795
Экономика Нобель сыйлығын үш ғалым бөлісті

Экономика бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығын Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филип Дибвиг жеңіп алды.

Швецияның Стокгольм қаласында экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды.

Америкалық ғалымдар Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филипп Дибвиг банктер мен қаржылық дағдарысқа қатысты еңбектері үшін марапатталды.

Мәлімдемеде әсіресе қаржылық дағдарыс кезінде банктердің экономикадағы рөлін түсінуге үш есімнің ықпал еткені білдірілді.

Нобель сыйлығын алған ғалымдарға алтын медальмен қоса 900 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Марапаттар 10 желтоқсанда Нобель сыйлығын тағайындауға бастамашы болған Альфред Нобельдің қайтыс болған күнінде тапсырылады.



Ұқсас жаңалықтар