ТИКА-дан Алжирге саз-аспап қолдауы

ТИКА Алжирдегі музыкалық топқа аспаптармен қолдау көрсетті.

1890461
ТИКА-дан Алжирге саз-аспап қолдауы

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Алжирдегі музыкалық топқа аспаптармен қолдау көрсетті.

Бас қала Алжирдің оңтүстігіндегі Ел-Агват қаласындағы «Ел-Агват» Мәдениет және өнер палатасына қарасты «Барут» музыкалық тобының барлық аспап қажеттілігі ТИКА тарапынан қамтамасыз етілді.

«Барут» музыкалық тобының тапсыру рәсімінен кейін Мемлекеттік Әнұранды ерекше орындауы жоғары бағаланды.

Топтың басшысы музыкант Джемал ел-Өмери ТИКА ұсынған аспаптардың өте сапалы екеніне тоқталып, «Скрипка, уд, саз, канун және басқа да аспаптар өте сапалы, барлығы түрік өнімі. Шынында да өте қажет еді. Әрине, нарықта әртүрлі аспаптар бар, дегенмен мұндай сапаның біреуін таба алмайсыз. Сондықтан ТИКА-ға үлкен алғысымызды білдіреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар