Ұлттық құрама - әлем чемпионы

Түркия грек-рим стилінде 2 алтын және 3 қола медальға қол жеткізді.

1879842
Ұлттық құрама - әлем чемпионы

Сербияда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим стилінде Түркия командалық есепте бірінші орын алды.

Белградта өткен жарыста Түркия грек-рим стилінде 2 алтын және 3 қола медальға қол жеткізді.

Әлем чемпионатында 130 келіде Рыза Каяалп пен 82 келіде Бурхан Акбудак алтын медаль алды.

Түрік  балуандар Селчук Джан (72 келі), Юнус Эмре Башар (77 келі) және Али Дженгиз (87 келі) қола медаль алса, Метехан Башар (97) мен Мұрат Фырат (67) өз салмақ дәрежелерінде бесінші орын алды.

Грек-рим стилінде Түркия 125 ұпаймен чемпион атанды.

Екінші орында 118 ұпаймен Әзербайжан, үшінші орында 110 ұпаймен Сербия келді.

Грек-рим ұлттық құрамасы соңғы рет 2009 жылы Данияның Хернинг қаласында өткен әлем чемпионатында команда ретінде бірінші орынды иеленген еді.

Осылайша ұлттық құрама 13 жылдан кейін тағы да чемпион атанды.



Ұқсас жаңалықтар