Ұлттық құраманың алғашқы сынағы ертең

«Қаратай» конгресс және спорт орталығында болатын матч Түркия уақытымен сағат 18.30-да басталады.

1865040
Ұлттық құраманың алғашқы сынағы ертең

Волейболдан ерлер ұлттық командасы Кониядағы 5-ші Ислам ынтымақтастығы ойындарында ертең Пәкістанмен алғашқы матчын өткізеді.

«Қаратай» конгресс және спорт орталығында болатын матч Түркия уақытымен сағат 18.30-да басталады.

Түрік құрамасы өз тобындағы қалған 2 ойынын 11 тамыз бейсенбі күні сағат 19.00-де Катарға қарсы және 13 тамыз сенбі күні сағат 19.00-де Иранмен өткізеді.

Топтарын үздік екі орында аяқтаған командалар 14 тамызда жартылай финалға жолдама алады. Финалдық матч дүйсенбі күні 15 тамызда өтеді.



Ұқсас жаңалықтар