3300 жылдық тарихи жәдігерлер табылды

8 мың жылдық Тавшанлы күлтөбесіндегі жаңа қазба жұмыстарында 3300 жылдық мөр мен қанжар табылды.

1856905
3300 жылдық тарихи жәдігерлер табылды

Түркияның Күтахия қаласында 8 мың жылдық Тавшанлы күлтөбесіндегі жаңа қазба жұмыстарында 3300 жылдық мөр мен қанжар табылды.

Аспаннан түсірілген кезде жүрек секілді болып көрінетіндіктен «Күтахияның жүрегі» деп аталатын күлтөбедегі қазба жұмыстарын Мәдениет және туризм министрлігі мен Билежик Шейх Едебали атындағы Университет бірігіп,  «Президенттің арнайы шешімімен» жүргізуде.

Университеттің Археология кафедрасының оқытушысы Еркан Фидан басшылығында өткен ай басталған қазба жұмыстарында 3300 жылдық мөр мен Микен қылыштарына ұқсас қанжар табылды. Табылған тарихи жәдігерлер туралы министрлікке қарасты Қазбалар және зерттеулер департаменті мәлімет жариялады.



Ұқсас жаңалықтар