Ердоған Волейболдан Түркия ұлттық әйелдер құрамасын құттықтады

Волейболдан Түркия ұлттық әйелдер құрамасы Халықаралық лигасының жартылай финалына шықты.

1855384
Ердоған Волейболдан Түркия ұлттық әйелдер құрамасын құттықтады

Түркияның жұлдызды командасы Анкара спорт сарайында өткен ширек финал матчында Таиландты 3-1 есебімен жеңді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Халықаралық лигасының жартылай финалына шыққан Волейболдан Түркия ұлттық әйелдер құрамасын құттықтады.

Ай жұлдызды команданың 3-1 есебімен жеңісімен аяқталған Тайландтағы матчтан кейін Ердоған Түркия волейбол федерациясының президенті Мехмет Акиф Үстүндагпен телефон арқылы сөйлесті.

Ұлттық құраманы құттықтаған президент Ердоған ай жұлдыздыларға жартылай финал мен финалда сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Ердоған ұлттық құрама финалға өтсе, матчты өзі келіп көретінін  айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар