Паралимпиадада тарихи табыс
2020 жылы Токиода 45-ші орын алған Түркия 2024 жылы Парижде 23-орынға көтерілді.
2024 Париж Паралимпиада ойындарындағы тарихи табыс.
Түркия 2024 жылы Париждегі Паралимпиада ойындарында тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.
Түрік спортшылар ойындарда барлығы 28 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 10 күміс және 12 қола медаль бар.
2020 жылы Токиода 45-ші орын алған Түркия 2024 жылы Парижде 23-орынға көтерілді.
Медаль рейтингі бойынша бірінші орынды Токио-2020 паралимпиадасында болғаны секілді тағы да Қытай алды.
2024 Париж Паралимпиада ойындарында Голболдан әйелдер ұлттық құрамасы Израильді жеңіп, чемпион атанды және алтын медальді жеңіп алды.
«Пара жүзу» бойынша 50 метрге және 200 метрге еркін жүзуде Умут Үнлү Түркияға екі алтын медаль сыйлады. Осылайша Үнлү бір жарыста Түркияға 2 алтын медаль алған алғашқы паралимпиада спортшысы атанды.
«Пара садақ ату» бойынша алтын медальді 16 жылдан кейін Өзнур Жүре Гирди алды.
«Пара таэквондодан» 63 келіде Махмұт Бозтеке мен «пара дзюдодан» +90 келіде Ибрахим Бөлүкбашы да алтын медаль алды.