Жеңіл атлетикада рекордтар

Ересектер арасындағы Түркия жеңіл атлетика чемпионаты аяқталды.

1848393
Жеңіл атлетикада рекордтар

Бурса қаласында өткен 90-шы Turkcell ересектер арасындағы Түркия жеңіл атлетика чемпионаты аяқталды.

Чемпионаттың екінші күніндегі 10 мың метр спорттық жаяу жүріс жарысында Мазлум Демир 40.42.09 дәрежесімен Түркия рекордын (20 жастан кішілер аталымында) жаңалады.

Демир жарыста 20.11.00 дәрежесімен бес мың метрде де жастар арасындағы Түркия рекордын жасады.

Ол 20 жастан кіші Әлем чемпионаты қарсаңында әлемдік рейтингте бірінші орында тұр.

Сонымен қатар ұзындыққа секіру жарысында рекодсмен Нежати Ер 8.02 метр дәрежесімен Түркиядағы соңғы 22 жылдың ең жақсы нәтижесін көрсетті. Ол сонымен бірге Месут Яваштан кейін 8 метр бөгетінен өткен екінші түрік атлет атанды.



Ұқсас жаңалықтар