"Байрактар Қызыл алма" 2023 жылы сыналады

Байкардың ұшқышсыз жойғыш ұшақтарды зерттеуде маңызды бір сатыға келгені білдірілді

1794698
"Байрактар Қызыл алма" 2023 жылы сыналады
bayraktar kizilelma.jpg
bayraktar kizilelma.jpg

Байкар компаниясы тарапынан ұлттық және арнайы жетілдірілген ұшқышсыз соғыс ұшағы "Байрактар Қызыл алманың" тұңғыш прототиптік өндірісті дамыту үлгісі интеграциялық желіге кірді.

Компаниядан жасалған мәлімдемеде Байкардың ұшқышсыз жойғыш ұшақтарды зерттеуде маңызды бір сатыға келгені білдірілді.

"Байрактар Қызыл алма" өзінің агрессивті маневрлерімен және жетілдірілген жасанды интеллектімен болашақта қауіпсіздік күштерінің соғыс алаңындағы ең күшті көліктері арасында орын алады.

Байкар Технология компаниясының жетекшісі Селчук Байрактар Байкар жүргізген Жауынгерлік ұшқышсыз ұшақ жүйесі (MIUS) жобасының "Байрактар Қызыл алма" деп аталғанын хабарлады.

Байкар "Байрактар Қызыл алманың" алғашқы ұшу сынағын 2023 жылы жасауды нысанаға алуда.



Ұқсас жаңалықтар