Youtube орыс каналдарына тыйым салды

Google RT және Sputnik ақпарат құралдарының YouTube арналарын жапқанын хабарлады.

1788143
Youtube орыс каналдарына тыйым салды

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) орналасқан Google технология алпауыты Ресей-Украина соғысында Ресейдің «үгіт-насихат пен жалған ақпарат таратуына» жол бермеу үшін Еуропадағы ресейлік мемлекеттік RT және Sputnik ақпарат құралдарының YouTube арналарын жапқанын хабарлады.

Google жасаған мәлімдемеде Еуропада Ресей мемлекетіне қарасты RT және Sputnik арналарының Youtube арналарына кіруге тыйым салынғаны жарияланды.

Екінші жағынан, қытайлық TikTok бейне бөлісу платформасы да осындай қадамға барды және Еуропадағы осы арналардың аккаунттарын жауып тастады.



Ұқсас жаңалықтар