Eurovision жеңімпазы Джамала Түркияны паналады

Джамала Украинадағы орыс шабуылынан қашып, екі баласымен Түркияға жетті.

1788383
Eurovision жеңімпазы Джамала Түркияны паналады

Eurovision байқауының 2016 жылғы жеңімпазы, Қырым татар қызы, әнші Джамала Украинадағы орыс шабуылынан қашып, екі баласымен Түркияға жетті.

Стамбулда баспасөз брифингін өткізген Джамала «Украинада жазықсыз азаматтар неше күннен бері бомбаланып жатыр. Киевте, Украинаның көптеген жерінде әйелдер, балалар, қариялар мен азаматтар аман қалуға тырысып бағуда» деді.

Түркияға, түрік халқына және президент Ердоғанға берген қолдауы үшін Украина халқы атынан алғыс білдірген әнші «Түркия ғасырлардан бері болғаны секілді осы процесте де ешбір қайтарым күтпей адами жауапкершілігімен қақпасын ашты» деді.

Жас әнші екі баласымен бірге Түркияға келгенге дейін басынан өткен қиыншылықтарына тоқталып «Түркияға босқын ретінде келу ойыма де келмеп еді» деді. Ол басқа да Қырым татарлары секілді әжесінің 1944 жылы елінен кетуге мәжбүр болғанын еске алып, өзінің де сол секілді елден кететінін еш ойламағанын білдірді.

«Жұбайым Украинада қалды. Мен әлемге даусымызды естірту үшін келдім. Себебі соғыс доғарылуы керек, бұған барша қарсы шығу тиіс» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар