Қысқы Олимпиада ойындары TRT экрандарында

Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына соңғы 7 күн қалды.

1769719
Қысқы Олимпиада ойындары TRT экрандарында

Қытай бас қаласы Пекинде ұйымдастырылатын Қысқы Олимпиада ойындарына соңғы 7 күн қалды.

4-20 ақпан аралығында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында 90 елден 3000-ға жуық спортшы бақ сынамақ.

Жарыстар ТРТ арналарынан көрермендерге ұсынылады.

Ойындардың басталуына бір апта қалғанда бас қала Пекинде Олимпиадаға дайындықтар жылдам жалғасуда.

Даңғылдар мен көшелер Қысқы Олимпиада ойындары тақырыпты паннолар және әшекейлермен көмкерілсе, Олимпиаданың тұмарлары панда Бинг Дуин Дуин мен Қытай шамы Шуй Рон Ронның көріністері қаланың әртүрлі бұрыштарын безендіруде.

Қала орталығының солтүстігінде Пекин ұлттық стадионы мен Пекин Олимпиада мұнарасы орналасқан Олимпиада саябағы аймағы іс-шараға бола арнайы жарықтандырылды.

2008 жылы Пекин Олимпиадасы үшін салынған «Құс ұясы» деп аталатын Ұлттық стадионда 4 ақпан күні Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді.

Қысқы Олимпиаданың қызығы TRT SPOR, TRT SPOR Yıldız және TRTSpor.com.tr арқылы көрермендерге ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар