Түрік қорғаныс өнімдері экспорты артты

Түрік қорғаныс өнімдері НАТО мен Еуропа Одағына мүше елдерді қамтыған әлемдегі 169 елге экспорт етілуде.

1767046
Түрік қорғаныс өнімдері экспорты артты

Түрік Қорғаныс өнеркәсібі ұйымы ең жаңа өнім Байрактар Акынжы Ұшқышсыз шабуыл әуе көлігінің алғашқы экспорт келісіміне қол қойды.

Қорғаныс, Авиация және Ғарыш өнеркәсібі қоғамы САХА-ның Стамбул әкімшілік кеңесінің төрағасы және Байрактар Бас директоры Халук Байрактар астана Анкарада жасаған мәлімдемесінде  420 мың сағаттық ұшақ рейсін табыспен аяқтаған Байрактар ТБ-2 Қарулы Ұшқышсыз әуе көліктері үшін 16 елмен экспорт келісіміне қол қойылғанын айтып:

"Байрактар Акынжы Ұшқышсыз шабуыл әуе көлігінің алғашқы экспорт келісіміне қол қойылды. Келісім аясында Байрактар Акынжы Ұшқышсыз шабуыл әуе көлігі мен жер жүйелері 2023 жылы тапсырып беріледі" деді.

Сектордың соңғы жылдарда жылдам дамығанына меңзеген Халук Байрактар:

"Зияткерлік және өндірістік құқықтары өздеріне тиесілі болған сауытты көліктер, теңіз платформалары, құрал-жабдықтар, Ұшқышсыз шабуыл әуе көліктері мен Қарулы Ұшқышсыз әуе көліктері сияқты сектор тарапынан жетілдірілген құнды өнімдерді НАТО мен Еуропа Одағына мүше елдерді қамтыған әлемдегі 169 елге экспорт етеміз. Сол себепті бағытымыз бен нысанамыз ұлттық өнімдер өндіру" деді. 



Ұқсас жаңалықтар