Ислам даму банкі тобы Түркияға аумақты қаржы бөледі

Мехмет Шимшек  Ислам даму банкі тобының Түркиядағы жобаларға 6,3 миллиард доллар қаржы бөлетінін мәлімдеді.

2133166
Ислам даму банкі тобы Түркияға аумақты қаржы бөледі

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Ислам даму Банкі жиналыстарына қатысу үшін Сауд Арабиясына барды.

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек  Ислам даму банкі тобының Түркиядағы жобаларға 6,3 миллиард доллар қаржы бөлетінін мәлімдеді.

Мехмет Шимшек Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен кездесулер аясында Ислам даму банкі тобының 2024-2026 жылдар аралығында Түркиядағы қызметін реттейтін Ел стратегиясының қабылданғанын айтты.

Шимшек Ислам даму банкі тобы төрағасы Мұхаммед Сулайман әл-Джасермен стратегия аясында шеңберлік бағдарламаға қол қойғандарын айтып, «Стратегиямен Ислам даму банкі  еліміздегі жобаларға 6,3 миллиард долларлық қаржыландыруды болжайды. Экономикалық бағдарламаның арқасында Түркияға шетелдік ресурстар ағыны күшті түрде жалғасуда» деді.

Ислам даму банкі тобының  құрылғалы бері Түркияға 12,9 миллиард доллар қаржы бергеніне назар аударған Шимшек Түркияның банктен қолайлы шарттармен несие алған елдер арасында 4-ші орында тұрғанын білдірді.

Мехмет Шимшек 2021-2023 жылдар аралығында Ислам даму банкі тобының ел үшін шамамен 800 миллион долларлық қаржыландыру мақұлдағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар