Түркия бірінші тоқсанда 1,5 миллиард доллар инвестиция тартты

Халықаралық инвесторлар қауымдастығы тікелей халықаралық инвестиция көрсеткіштерін жариялады.

2139404
Түркия бірінші тоқсанда 1,5 миллиард доллар инвестиция тартты

Түркияға келген халықаралық тікелей инвестиция кірісі жылдың бірінші тоқсанында 1,5 миллиард долларға жетті.

Халықаралық инвесторлар қауымдастығы тікелей халықаралық инвестиция бюллетенін сандармен жариялады.

Осыған қарағанда наурыз айында Түркияға келген халықаралық тікелей инвестицияның жалпы көлемі 336 миллион доллар болса, 2024 жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш 1,5 миллиард долларға жетті.

Аталған кезеңде ең көп инвестицияны қаржы және сақтандыру қызметі тартты.

Бірінші тоқсанда Еуроодақ (ЕО) елдері Түркияға 58 пайыздық үлеспен инвестиция капиталы ағынының ең үлкен көзі болуды жалғастырды.

Ел бойынша қарастырғанда 25 пайыздық үлесімен Голландия бірінші орында болса, одан кейін 21 пайызбен Америка Құрама Штаттары және 12 пайызбен Германия келеді.



Ұқсас жаңалықтар