Министр G20 жиналысына қатысады

Шимшек Орталық банк төрағасы Фатих Караханмен бірге 25-26 шілде күндері өтетін жиналысқа барады.

2166151
Министр G20 жиналысына қатысады

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін G20 қаржы министрлері мен орталық банк басшылары жиналысына қатысады.

Шимшек Орталық банк төрағасы Фатих Караханмен бірге 25-26 шілде күндері өтетін жиналысқа барады.

Аталмыш жиналыс министрлер деңгейінде биылғы үшінші G20 шарасы болмақ.

Министр Шимшек G20 жиналысының «Жаһандық экономикалық көзқарас және жалғасып жатқан сынақтар» деп аталатын отырыста негізгі баяндамашылардың бірі болады.

Шимшек отырыстардан бөлек әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізеді деп жоспарланды.

G20 отырысының күн тәртібінде жаһандық экономиканың болжамы, қаржы секторының болжамы және қаржылық қамту, салық саясатындағы халықаралық ынтымақтастық, климаттың өзгеруі және тұрақты даму мақсаттары, көпжақты даму банктеріндегі реформалар және жаһандық қарыздар сияқты мәселелер бар.



Ұқсас жаңалықтар