Түрік сорпасы - үздіктер қатарында

«Яйла сорпасы» әлемдегі ең үздік сорпалар тізіміне енді.

1764579
Түрік сорпасы - үздіктер қатарында

Түрік асханасындағы «Яйла сорпасы» әлемдегі ең үздік сорпалар тізіміне енді.

Америкалық CNN Travel басылымының жыл сайынғы бағалауында яйла сорпасы тағы да әлемдегі ең үздік 20 сорпаның қатарынан көрінді.

Джанет Кларксонның «Сорпа: жаһандық тарих» кітабына сілтеме жасаған бағалауда сорпаның көне заманнан бері әлем қоғамдарының таптырмас тағам түрі болғанына тоқталып, оның да емдік қасиеті бар екеніне назар аударылды.

Әлемдегі ең үздік 20 сорпаның қатарына кіретін түрік сорпасы суретінің астына «Яйла сорпасы дәрі мен сорпаның бір-бірінен бөлек қарастырылмаған кезінен сыр шертеді» деп жазылған.

Осы сорпа суық тию, тұмау сияқты қысқы аурулардың алдын алу мақсатында да ішіледі. Сонымен бірге түріктің кейбір ауруханаларында әсіресе науқастарға көп беріледі.

Сондай-ақ американдық басылым Нигерияның «банга», Вьетнамның «сиыр еті фосы» және Украинаның «борщ» сорпаларын ең жақсы сорпалар қатарына жатқызды.



Ұқсас жаңалықтар