11 айда шамамен 8 миллион турист келді

Стамбулға келген шетелдіктер арасында ресейліктер бірінші орынды иеленді.

1754721
11 айда шамамен 8 миллион турист келді

Стамбул қаласы жылдың 11 айында 7 миллион 980 мың 311, қараша айында 997 мың 620 шетелдік туристі қабылдады.

Стамбул қалалық мәдениет және туризм басқармасының деректеріне қарағанда қараша айында Стамбулға келген шетелдік турист саны өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 127 пайызға артты.

Стамбулға келген шетелдіктер арасында 92 мың 427 туристпен ресейліктер бірінші орынды иеленді.

Стамбулға келген шетелдіктердің саны:

Ирандықтар 85 мың 300 турист,

немістер 67 мың 25 турист,

израильдіктер  40 мың 451 турист,

француздар 37 мың 558 турист,

британдықтар 35 мың 116 турист,

америкалықтар 31 мың 624 турист,

 украиндар 27 мың 298 турист,

өзбектер 25 мың 144 турист,

ирактықтар 24 мың 836,

нидерландықтар  22 мың 868,

 кувейттіктер  21 мың 639.

Осы көрсеткіштерге сай, қалаға келген барлық келуші турист санының 9,26 пайызын орыстар 8,55 пайызын ирандықтар, 6,72 пайызын немістер, 4,05 пайызын израильдіктер,  3,76 пайызын француздар мен  3,52 пайызын британдықтар қалыптастырды.

Аталған кезеңде Стамбулға 193 елден турист келсе, Ватиканнан 2, Микронезия Федеративтік мемлекеттерінен, Сан-Томе мен Принсипиден, Тувалу мен Бутаннан бір-бірден турист келді.



Ұқсас жаңалықтар