«Зауыт» атты деректі фильм 12-13 қараша күндері ТРТ-де

Әлемді дүр сілкіндіретін «Зауыт» атты деректі фильм TRT Haber, TRT World және TRT Arabi телеарналарында көрсетіледі.

1732505
«Зауыт» атты деректі фильм 12-13 қараша күндері ТРТ-де

TRT World тарапынан екі жыл бойы жарты миллион құжатты мұқият зерттеп дайындаған «The Factory» (Зауыт) атты деректі фильмі 12-13 қараша күні TRT экрандарынан көрсетіледі.

Фильмде француз Lafarge цемент зауытының француз барлау мекемелерінің бақылауындағы террор ұйымдарымен ынтымақтастық жасағаны, әсіресе ДАИШ пен PKK террор ұйымдарына ондаған миллион доллар аударғаны, құжаттар және куәгерлермен әшкереленеді.

Деректі фильм террор ұйымы ДАИШ-тің Парижде бір уақытта жасаған шабуылдардың 6 жылдығына орай 12-13 қараша күндері TRT Haber, TRT World және TRT Arabi телеарналарында жарияланады.

Сирия соғысының түнекте қалған тұстарының бірін жарыққа шығаратын деректі фильмде француз цемент алыбы Lafarge компаниясының кімнің жетелеуімен Сирияда қалуға шешім қабылдағаны, Еуроодақ қаражатын француз барлау агенттіктерінің хабары және мақұлдауымен ДАИШ пен PKK-ға қалай аударылғаны, Француз саясаткерлер мен барлау агенттіктерінің Lafarge компаниясын сот және әкімшілік тергеуден құтқару үшін басқан қадамдары егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Сириядағы ДАИШ-ті қаржыландыру арқылы басталған процестің Париждегі шабуылдарға қалай себеп болғанын ортаға қояды.

Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун да Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында деректі фильмнің жарнамалық бейне көрінісіне орын беріп, «Лаңкестік ұйымдарды қаржыландыратын бір француз компаниясы, миллиондаған доллар және оның ар жағындағы лас қарым-қатынастар... Адам өмірін «жоқ» деп есептеген бір тәртіп, мыңдаған бейбіт адамның өлімі. Әлемді дүр сілкіндіретін «Зауыт» атты деректі фильм 12 қараша күні TRT Haber телеарнасында» деді.



Ұқсас жаңалықтар