Тегеранда көбелек мұражайы ашылды

Көбелек мұражайында Таксидермия әдісімен кептірілген көбелектер мен жәндіктер бұрынғы көркемдіктерімен көрмеге қойылған.

1730481
Тегеранда көбелек мұражайы ашылды
tahran kelebek.jpg
tahran kelebek.jpg
iran tahran kelebek.jpg

Иран бас қаласы Тегеранда ашылған көбелек мұражайында мөлшермен 60 елден әкелінген 3 мыңнан астам түрлі-түсті жәндік бар.

Тегеранның батысындағы ботаникалық саябақтың ішінде 4 жылдың алдында ашылған көбелек мұражайында өлген жәндіктерді қатыру және кептіру өнері ретінде танымал Таксидермия әдісімен кептірілген көбелектер мен жәндіктер бұрынғы көркемдіктерімен көрмеге қойылған.

Түнде және күндіз ұшатындар түрімен бөлінген көбелектер қойылған мұражай Оңтүстік Азия елдерін қамтыған әлемнің барлық жерінен әкелінген жәндіктермен толтырылған.  

Мұражайды тамашалаған жергілікті және шетелдік көрермендер әйнек құтыда сақталған көбелектер мен жәндіктердің ата мекені, ерекшеліктері және тіршіліктеріне байланысты мәлімет алады.

Мұражай директоры Ферзане Казирани мәлімдемесінде осы орталыққа қойылған көбелектер мен жәндіктердің 30 жылдық ғылыми жұмыстың нәтижесінде жинақталғанын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар