Еуропадағы түрік суретшілері Амстердамда бас қосты

Голландияның астанасы Амстердамда "Түрік заманауи суретшілері" көрмесі ашылды.

1724214
Еуропадағы түрік суретшілері Амстердамда бас қосты

"NDSM Fuse" көркемөнер орталығындағы іс-шараға голландиялық және түрік сурет сүйерлерімен қатар Түркияның миссия өкілдері де қатысты.

Еуропаның көптеген қалаларынан көрмеге қатысқан түрік суретшілері өздерінің салған суреттерін көруге келген қонақтармен танысып, сұрақтарға жауап берді. Бұл іс-шараны ұйымдастырған суретші Окан Акын мақсаттарының Еуропадағы түрік суретшілерінің еңбектерін барша әлемге таныстыру екенін айтты.

Голландиялық суретшілер мен түрік суретшілерін бір-бірімен таныстыруды көздегенін түсіндірген Акын "Еуропаның түрлі қалаларында өмір сүрген 37 түрік суретшісі осы көрмеде бас қосты" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар