Нобель Әдебиет сыйлығын Абдулразак Гурна алды

Түрік жазушы Орхан Памук 2006 жылы Нобель Әдебиет сыйлығын алған болатын.

1716390
Нобель Әдебиет сыйлығын Абдулразак Гурна алды

Нобель Әдебиет сыйлығы занзибарлық жазушы Абдулразак Гурнаға берілді.

Абдулразак Гурна Нобель Әдебиет сыйлығын «Мәдениеттер мен континенттер арасындағы тұңғиықтағы отаршылдық пен босқындардың тағдырын ымырасыз және жанашыр түсінгені үшін» алғаны білдірілді.

Нобель Әдебиет сыйлығы қазірге дейін 113 мәрте 117 адамға берілді. Басқа Нобель сыйлықтарында ортақ жұмыстар көп болғандықтан сыйлық та бөлісілді. Әдебиет саласының табиғатына сай қазірге дейін 4 сыйлық қана ортақ берілді.

Танымал америкалық әнші Боб Дилан "Ұлы Америка ән дәстүрі ішінде жаңа эстетикалық бейне көрсеткендіктен" 2016 жылы Нобель Әдебиет сыйлығын алған болатын.

Түрік жазушы Орхан Памук 2006 жылы,  Габриэль Гарсиа Маркес 1982 жылы, Жан-Пол Сартр 1964 жылы, Джон Стейнбек 1962 жылы, Альберт Камю 1957 жылы,  Эрнест Хемингуэй 1954 жылы және Уинстон Черчилль 1953 жылы Нобель Әдебиет сыйлығын алды.  

 



Ұқсас жаңалықтар