Түрік волейболшылар Польшамен ойнайды

Болгарияда болатын матчты TRT1 телеарнасы тікелей жариялайды.

1700055
Түрік волейболшылар Польшамен ойнайды

Әйелдер арасында волейболдан 2021 Еуропа чемпионатында Чехия командасын 3-1 есебімен жеңген түрік құрамасы бүгін Түркия уақытымен сағат 20.30-да Польша командасымен  ойнайды.

Болгарияда болатын матчты TRT1 телеарнасы тікелей жариялайды. Соңғы 16 турында Украинаны 3-1 есебімен жеңген Польша құрамасы ширек финалда Түркиямен жарысады.

Польша B тобында 4 жеңіс және 1 жеңіліс алған болатын.

Түркия құрамасы ширек финалда қарсыласын жеңсе, жартылай  финалда Сербия-Франция матчының жеңімпазымен ойнайды.



Ұқсас жаңалықтар