Ердоған волейболдан әйелдер құрамасын құттықтады

Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы Қытайды 3-0 есеппен жеңді.

1679868
Ердоған волейболдан әйелдер құрамасын құттықтады
FILENIN SULTANLARI OLIMPIYATLAR 2020 (5).jpg
FILENIN SULTANLARI OLIMPIYATLAR 2020 (1).jpg
filenin sultanları.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған 2020 Токио Олимпиада ойындарында Қытайды 3-0 есеппен жеңген Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасын құттықтады.

Ердоған Жапонияның бас қаласы Токиода олимпиада ойындарына қатысып, ұлттық спортшылардың жарыстарын қадағалап отырған Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлуның телефонынан ай жұлдызды команданың капитаны Эда Эрдем Дүндармен сөйлесті.

Президент Ердоған телефон әңгімесінде команданың капитаны Эдаға «Қатты толқыдым. Матчты басынан бастап көрдім. Барлық қыздарымызға сәлем жолдаймын. Сейсенбі күнгі Италия матчын да иншалла тамашалаймын» деді.

Ұлттық команда Токио-2020-да «В» тобындағы алғашқы матчында соңғы олимпиада чемпионы Қытайды 3-0 есебімен жеңіп ойындарды жақсы бастады.

Түркия мен Италия арасында 27 шілде күні ойналатын матч Түркия уақытымен 10.25-те басталады.



Ұқсас жаңалықтар