Қажылардың Кағбадағы ғибадаты басталды

Қасиетті Кағбаға кіріп-шығу шаралары жасалғаны, 20 қажы үшін бір денсаулық қызметкері берілгені, Кағбаның төңірегін айналуға 25 жол дайындалғаны хабарланды.

1676832
Қажылардың Кағбадағы ғибадаты басталды

Сауд Арабиясында қасиетті мекендерге барған қажышылар биыл жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті жасалған шаралармен бірге Кағбадағы алғашқы ғибадаттарын бастады.

Харамейн Істері басқармасынан жасалған мәлімдемеде қажы үміткерлерінің Қасиетті Кағбаға түрлі қақпалардан кіргені және лауазымдылар тарапынан белгіленген ұзақтық қағидалары бойынша Кағба ғибадаттарын жасағаны хабарланды.

Мәлімдемеде алғашқы ғибадаттан кейін қажышылар «Тоқтату күні» аталған діни күнтізбе бойынша бүгін Әзіреті Мұхаммедтің сүндетін орындау үшін Минаға баратыны білдірілді. 

Сауд Арабиясының хабар агенттігі SPA-ның хабарында Қасиетті Кағбаға кіріп-шығу шаралары жасалғаны, 20 қажы үшін бір денсаулық қызметкері берілгені, Кағбаның төңірегін айналуға 25 жол дайындалғаны хабарланды.

Сауд Арабиясы Қажы және Үмре министрлігі 12 маусымда қажылық ғибадаты үшін шетелден  қонақ қабылданбайтынын жариялаған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар