Жүргізушісіз құрлық көлігі IKA қару сынағынан өтті

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир мәлімдеме жасады.

1665546
Жүргізушісіз құрлық көлігі IKA қару сынағынан өтті

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир пилотсыз жүйелерде жинақталған тәжірибе мен табысты теңіз және құрлық көліктерінде де көрсетуде табанды екендерін мәлімдеді.

Исмаил Демир жеке Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде пилотсыз жүйелерге бағытталған жұмыстарға қатысты мағлұмат берді.

Пилотсыз әуе көліктерінде жинақталған тәжірибеге назар аударған Демир «Пилотсыз әуе көліктерінде жинақтаған тәжірибе мен табысты теңіз және құрлық көліктерінде де көрсетуде табандымыз. Орта санаттағы 1-ші деңгейдегі жүргізушісіз құрлық көлігі жобамыз аясында бастаған прототип жарыстыру жұмыстарымыз жалғасуда. Aselsan, Best Grup, Elektroland және Havelsan тарапынан өндірілген IKA күш және қабілет сынақтарының артынан 7,62 калибрлік қару жүйесімен ату сынақтарынан да сүрінбей өтті. Автономия мен өнімділік сынақтарынан кейін прототип жарысымызды келесі айда аяқтаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар