Қытай ғарышқа жаңа серік ұшырды

Жаңа нәсіл серік ауа райын алдын ала мөлшерлеу, анализ жасау, қоршаған орта және апатты бақылау жұмыстарында қолданылады.

1651252
Қытай ғарышқа жаңа серік ұшырды

Қытай жаңа ұрпақ метеорология жасанды серігін ғарышқа ұшырды.

Шинхуа агенттігінің хабарына қарағанда "Fıngyun 4B" атты жасанды серік Long March-3B зымыранымен Қытайдың Шичанг Серік ұшыру орталығынан ұшырылғаны білдірілді.

Жасанды серіктің ұшырылғаннан кейін жоспарланған орбитаға орналасқаны хабарланды. 

Жаңа нәсіл серік ауа райын алдын ала мөлшерлеу, анализ жасау, қоршаған орта және апатты бақылау жұмыстарында қолданылады.

Серіктің іс-әрекеттері Қытай Метеорология басқармасы тарапынан жүргізіледі.

"Fıngyun 4B"  атты жасанды серік 2016 жылы желтоқсанда ұшырылған "Fıngyun 4А"  атты жасанды серігімен бірге метеорологиялық бақылау желісін құрады.  



Ұқсас жаңалықтар