Таксим мешіті туристерді тәнті етті

Стамбулдағы Таксим мешіті жергілікті және шетелдік туристерді қызықтырған тамаша мекенге айналды.

1651205
Таксим мешіті туристерді тәнті етті
taksim cami turist.jpg
taksim cami turist.jpg

Стамбулдың жаңа үлгілерінің біріне айналған Таксим мешіті ашылған күннен бері көргендерді қызықтыруда.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен 28 мамырда жұма намазымен ғибадатқа ашылған Таксим мешітіне азаматтармен бірге туристер де назар аударды.

Түркияның түрліше аймақтарынан  мешітті көруге келген азаматтармен бірге шетелдік туристердің бір бөлімі де намаз қылу үшін мешітке ағылуда.

Туристер мешіттің алдында суретке түсіп, естелік қалдыруда.

Индонезиядан Түркияға сапармен келген турист Уедаа Дапти сәні мен сәулеті келіскен мешіт екенін айтты. Ол:

"Бұл мен үшін кездейсоқ орай болды, өйткені мен келген жұма күні ашылыпты. Мешіттің іші керемет екен" деді.

Джибутиден келген Фатиха Дауа отбасымен бірге мешітті аралағандарын және мешітте ғибадат жасағандарын айтты.

Дауа: "Мешітке келгеніме өте қуаныштымын. Таксим мешітінің көркемдігіне куә болу керемет бір сезім" деді.

Ливиядан келген Захра Инди де отбасымен бірге аралаған мешіттің мұнарасын қатты ұнатқанын айтты.  



Ұқсас жаңалықтар