Камерунда білім және мәдениет іс-шаралары
Түркия Маариф қоры Камерунның астанасы Яундеде білім және мәдениет іс-шарасын ұйымдастырды.
1648648

Яундеде Маариф колледжінде ұйымдастырылған іс-шараға Түркияның Камерундағы өкілетті және төтенше елшісі Волкан Ышыкчы, Камерун Орта білім беру басқармасы төрағасы Вилфриед Габса, Камерунның бұрынғы премьер-министрі Филемон Янгмен қатар көптеген қонақ қатысты.
Елші Ышыкчы сөйлеген сөзінде "Екі жылдан бері жалғасқан жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті кезеңінде жаңа ұрпақ болашақта адам баласына пайдалы көптеген жобалар жасайтынына кәміл сенемін" деді.
Білім және мәдениет іс-шарасында оқушылар өздері жасаған жобаларын таныстырды.